Жылдың «тәтті» ұрлығы: шоколад батондарына толы жүк көлігі айдап әкетілді

30.03.2026 09:32

Көлік Италиядағы зауыттан Польшаға бағыт алған, алайда жүк межелі жерге жетпеген

Depositphotos.com

Еуропада салмағы шамамен 12 тонна болатын шоколад батондарының ірі партиясы ұрланды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Шамамен 413,8 мың дана батончик тиеген жүк көлігі тасымалдау кезінде айдап әкетілген. Көлік Италиядағы зауыттан Польшаға жол тартқан, бірақ жүк соңғы нүктесіне жетпеген.

Бұл туралы Agence France-Presse агенттігі батончик өндіруші компанияға сілтеме жасап хабарлады. Осындай ірі көлемдегі ұрлық Еуропадағы дүкендерде бұл тәттінің уақытша тапшылығына әкелуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар, компания өкілдері ұрланған батончиктердің заңсыз түрде сатылымға шығуы ықтимал екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта көлік пен жүктің нақты қайда екені белгісіз.

Оқи отырыңыз: 2026 жылдың сәуірінде қазақстандықтар қалай демалады