Қазақстандық дәрігер Надир Нарзулла қазірден бастап қолдануды тоқтату керек 3 өнім туралы айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Біріншісі - адам ағзасына өте зиянды залдалған сусын. Ол сүйектердің ішіндегі кальцийді шығаруға әсер етеді.
- Себебі газдалған сусындар остеопорозға алып келеді. Екіншісі - күнбағыс майы. Әсіресе күнбағыс майын бір емес, сол майдың өзін бірнеше рет пайдаланған кезде оның құрамы өзгереді және трансмайлар пайда бола бастайды. Бұл холестериннің көбеюіне алып келеді, - дейді дәрігер.
Жасы 30-ға жетпеген кейбір пациенттер келіп, талдама тапсырғанда холестерин деңгейі 6-7 көрсеткішінен асып кетеді.
Ал үшінші өнім - инсулинорезистенттілік немесе қант диабетіне тікелей алып келетін тәтті немесе қант өнімдері.
- Бұлардың барлығы ағзаға тікелей зиян әсер ететін нәрселер. Сондықтан осы үш өнімді мүмкіндігінше шектеуге тырысу керек, - деді дәрігер Надир Нарзулла.
Оқи отырыңыз: Алматыда 206 мектептің асханасына бейнебақылау орнатылды