Бұл шай түрі иммуниетті көтереді
Қыстың суығында иммунитетті көтеріп, нығайтатын сусындар бар. Бұл туралы гастроэнтеролог Дарья Утюмова айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қыста ішу керек пайдалы сусындардың тізіміне даршын, қалампыр және хош иісті қара бұрыш қосылған шай кіреді. Маманның айтуынша, мұндай дәмдеуіштер жиынтығы қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиетке ие.
Қыста жылытатын және пайдалы тағы бір сусын - бал мен даршын қосылған ыстық шоколад.
- Ыстық шоколадтың құрамына антиоксидант, темір, фосфор бар какао бұршақтары кіреді, соның арқасында сусын инфекцияға қарсы қасиетке ие, ми қызметін белсендіреді және көңіл күйді жақсартады, - деді Дарья Утюмова.
Сонымен қатар гастроэнтеролог даршын, қалампыр және ерең қосылған алмұрт шырыны негізінде алкогольсіз глинтвейн дайындап ішуге кеңес берді. Мұндай сусын В7, С, А дәрумендеріне, сондай-ақ фосфор, калий және кальцийге бай.
Оқи отырыңыз: Гастроэнтеролог денсаулыққа ең қауіпті ұн түрін атады