Гастроэнтеролог және эндокринолог Диляра Лебедова Telegram-арнасында бидай ұнының түрі мен пайдасы туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, жалпы ұн өнімдері, әсіресе бидай ұны денсаулыққа зиян. Бұл ұнның мүлде биологиялық маңызы жоқ. Оның гликемиялық индексі және калория мөлшері жоғары, құрамында ішектің түкті бөлігінде жиналатын және дәрумендер мен басқа да пайдалы заттардың толық сіңуіне жол бермейтін глютен бар.
Маман бидай ұнынан әсіресе семіздікке шалдыққан, глютенге төзбеушілік және қант диабеті бар адамдар аулақ болуы керек екенін айтты.
Бидай ұнын күріш, бадам жаңғағы, амарант, кокос немесе қарақұмық ұнына ауыстырған жөн.
Бидай ұнының жоғары, бірінші және екінші сұрыптары бар.
Жоғары сұрыпты бидай ұны. Бұл ұнның түсі ақ-сарғылт келеді. Ұн біркелкі, алақанға алып ұстағанда бөгде заттар сезілмейді. Ұнның осы түрі түрлі нан өнімдерін пісіруде ең көп қолданылады. Бұл ұннан пісірілген өнімдер жақсы көтеріліп, біркелкі піседі. Маманның айтуынша жоғары сұрыпты бидай ұнын қатпарланған, ашытқан не тәтті қамырға қолданған дұрыс.
Бірінші сұрыпты бидай ұны ұстағанда жұмсақ, майда қылып тартылған, түсі ақшылдау келеді. Бірінші сұрыпты ұнның жабысу қасиеті жақсы, сондықтан одан иілгіш қамыр жасауға болады. Ерекше пішінді, үлкен көлемді нан өнімдерін дәл осы ұннан пісірген дұрыс. Бәліштер, нандар, құймақтар, кеспе, жайма осы ұннан жақсы шығады.
Екінші сұрыпты бидай ұны - ұн арасындағы дәрумендер мен микроэлементтерге бай болады. Бұл ұннан нанның түр-түрін, печенье пісіріледі. В1, В2, РР, Е дәрумендері мен ақуыздар осы екінші сұрыпты ұнда болады. Түсі жағынан ол жоғары сұрыпты және бірінші сұрыпты ұннан күңгірт, құрамында кебек көбірек болуы мүмкін. Алайда бұл – ең пайдалы бидай ұны.
Оқи отырыңыз: Жыл қорытындысы-2023: денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер болды