Қоңыр немесе ақ: жұмыртқаның қай түрі пайдалы

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Маркетингтік құралға алданып қалмаңыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жұмыртқа —  ақуызы мен дәрумендерге бай пайдалы өнім. Ол толыққанды таңғы ас дайындауға, жаттығудан кейін жеуге және диеталық өнім ретінде тұтынуға болады деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнім жеңіл сіңетін ақуыздың,  майда еритін дәрумендердің және Омега-3 майлы қышқылдарының көзі саналады. Жұмыртқада А, D, E, K және В тобының дәрумендері, темір, мыс және мырыш бар. Алайда кейде дүкеннен жұмыртқа таңдау қиынға соғады. Себебі қазір оның түр-түрі бар: қоңыр, ақ, органикалық және т.б. Денсаулыққа жұмыртқаның қандай түрі пайдалы екенін диетолог Джесс Дегор айтты, 

Көпшілікте қоңыр жұмыртқа ақ жұмыртқаға қарағанда пайдалырақ деген пікір қалыптасқан. Алайда бұл қате пікір. Жұмыртқа қабығының түсі тауықтың түсіне байланысты.

Қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі қоңыр тауықтан қоңыр жұмыртқа, ал қауырсыны және құлағындағы жұмсақ бөлігі ақ тауықтан ақ жұмыртқа шығады. Олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ.

Кей жұмыртқалардың қабында органикалық жұмыртқа, еркін жайылған тауықтардың жұмыртқасы деп жазылады. Дәрігер бұл терминдерді маркетингтік құрал деп атады және олар жұмыртқаның құнарлығына әсер етпейтінін айтты.

Неліктен кей жұмыртқаның сарысының түсі басқаларына қарағанда қоюлау болады? 

Маманның айтуынша жұмыртқаның құнарлылығына тек тауық жеміндегі қоректік зат мөлшері ғана әсер етеді.

- Мысалы жұмыртқа сарысының түсі жемдегі каротиноидтарға негізделген. Жемге каротиноидтарға бай сығындыларды көбірек қосу жұмыртқа сарысының қоюлау және каротиноидтар мен антиоксиданттарға бай болып шығуына әкелуі мүмкін, - дейді маман.

Оқи отырыңыз: Жаңа жыл дастарханын қалай дайындау керек – сарапшы кеңесі

Новости партнеров