Жаңа жыл дегенде ойымызға алдымен шырша және сыйлықтар келеді. Бұл мерекеде әр адам жақындарын қуантуға тырысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.
Әкеңізді жаңа гаджетпен қуантуға болады:
Блютуз-құлаққаптар, фитнес-сағаттар, пауэрбанкнемесе смартфонға арналған қорапша. Сол сияқты степпер тренажер, массажер, триммер, шәйнектің астына қоятын тақтайша немесе тандыр сияқты күнделікті тұрмыста қажет болатын сыйлықтар да пайдалы болуы мүмкін.
Фитнес-сағат
Ерлерге арналған фитнес сағаттар - спорттан алыс ер адамдарға да ұнауы мүмкін. Кез келген адам күніне қанша қадам жасағанын, қанша шақырым жүріп өткенін білгісі келеді. Қажет болған жағдайда,қысымды өлшеуге және қандағы оттегінің деңгейін білуге мүмкіндік беретін сағат үлгілері де бар. Биылғы жылдың символы Жасыл ағаш айдаһар жылында жомарт болуды, қымбат әрі құнды сыйлықтар сатып алуға кеңес беріледі. Фитнес сағаттары - ересек балалар әкелеріне сыйлай алатын таптырмас сыйлық бола алады.
Смартфонға арналған қорапша
Смартфонға арналған қорапша немесе қарапайым смартфон ұстағыш - бұл әкеңізге үйде де, көліктеде қажетті нәрсе болып табылады. Құрылғы сөйлесу немесе гаджеттен видео көрген сәтте қолдың босболуын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, қазіргі уақытта экранды үлкейтуге мүмкіндік беретін, ұстағыштардың түрлі жетілдірілген үлгілері бар, онымен тіпті фильмдерді де көруге болады. Мұндай бюджеттік сыйлықты тіпті, жоғары сынып оқушылары мен студенттер де әкелеріне сыйлай алады.
Пауэрбанк
Бүгінгі заманда сұранысқа ие заттардың бірі - пауэрбанктер. Мұндай құрылғы, әсіресе жолда көп жүретін, үйден алыс сапарларға жиі шығатын ер адамдарға аса қажет болуы мүмкін. Пауэрбанкті сыйға тарта отырып, сіз әкеніңбен үнемі байланыста бола аласыз.
Триммер – ерлерге арналған заманауи өзін-өзі күту құрылғысы. Ересек балалар әкелеріне қырыну, шаш қиюға арналған триммерді сыйға тарта алады. Әсіресе сақал мен мұрт жіберген әкелер үшін, мұндай сыйлық таптырмас құрылғы болмақ. Триммер көмегімен әкелеріңіз заманауи үлгіде шаш қиып, сақал-мұртына күтім жасай алады.
Степпер
Әкесінің денсаулығына алаңдайтын ересектер оған жаңа жылға үй тренажеры - степперді сыйлай алады. Шағын құрылғы ағзаға баспалдақпен жүргендей жүктеме бере алады. Бұл - қалыпты кардио жаттығулар жасау, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесін, аяқ бұлшықеттерін күшейтудің тиімді әдісі болмақ. Ол, сонымен қатар, гиподинамиямен күресу, стрессті жеңілдету, жұмыс күнінен кейінгі шаршауды басуға көмектеседі. Тренажер дисплейінде қадамдар саны, жаттығу уақыты мен калория шығыны көрсетіледі.
Массажер-жастық
Ересек балалар жаңа жылға әкесіне массаж жастығын беріп, оның денсаулығының жақсаруына әсер ете алады. Мұндай сыйлық әсіресе рөлде немесе жұмыс үстелінде ұзақ уақыт жұмыс істейтін ер адамдарға пайдалы болмақ. Массажер мойын, арқаның негізгі нүктелеріне әсер етеді, бұлшықеттің шаршауын басады. Жастықты оп-оңай пайдалануға болады. Әкелеріңіз күн сайын, жұмыс күнінен кейін массажерді қосып, денсаулығын жақсарта алады. Жаттығу залындағы ер адам.
Тандыр
Тандыр – Шығыс халықтары күнделікті өмірінде жиі пайдаланылатын ыдыс. Онда сіз кез келген сүйікті тағамыңызды дайындай аласыз: ет, палау, ысталған ет, нан немесе дәстүрлі шелпектер. Тандырда піскен тағамдардың құрамындағы пайдалы заттары, дәрумендер мен микроэлементтері, бәрі сақталады. Мұндай тағамдар қуырылған тағамдарға қарағанда әлдеқайда пайдалы болып табылады. Әсіресе көкке жиі шығатын, жазғы коттеджде тұратын жандар үшін, тандыр таптырмас сыйлық болуы мүмкін.
Кесенің астына қойылатын жылыту құрылғысы бар тақтайша
Мұндай сыйлық әкеңізге жайлы үй атмосферасын жасауға көмектеседі. Ол үшін, кішкене шыны, фарфор немесе металл ыдысқа ыстық сусын құйып, тақтайша үстіне қойыңыз. Ал USB тақтайша сусынды ыстық күйде ұстауға мүмкіндік береді. Жаңа жылға әкеге арналған мұндай бюджеттік сыйлықты жоғары сынып оқушылары мен студенттер бере алады.
Қиыршық тастардан жасалған сурет
Жаңа жылға әкеңізге арнап өз қолыңызбен қандай сыйлық жасауға болады? Мысалы мектеп оқушысы тастардан сурет жасап бере алады. Суретті өз қиялыңызға қарай, түрлі кескінде жасай аласыз. 2024 – Айдаһар жылы әкеңізге ағаштан жасалған бұйымдарды да тарту етуге болатынын айтады. Ер адамдар техника мен электроникаға байланысты заттарға қатты қуанатынын естен шығармаңыз. Одан бөлек қарапайым үйде, күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар да әкеңіздің көңілінен шығуы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Оқи отырыңыз: Алматының әр ауданында күнде жаңажылдық концерттер өтуде