Бүгін – дүниежүзілік балмұздақ күні

kharkovforums.com, fotostrana.ru
kharkovforums.com, fotostrana.ru
Балмұздақты француз императоры Наполеон Бонапарт және АҚШ президенті Томас Джефферсон қатты ұнатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 маусым тәтті мереке – дүниежүзілік балмұздақ күні. Ең алғаш рет 1786 жылы 10 маусымда АҚШ-та балмұздақтың жаппай сатылымы басталған. Сол күннен бастап ресми мәртебесі жоқ мереке жыл сайын осы күні тойланады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тарихы

Балмұздақтың пайда болу тарихы ежелгі заманнан басталады. Ең алғаш 3000 жыл бұрын Қытай халқы  мұз, қар және жеміс-жидек қоспасынан сергітетін тағамдар жасаған. Сондай-ақ Грецияда өздерінің суық десерттері болған, олар мұздатылған шырындарға көбірек ұқсайтын. Еуропада мұздатылған сүтті қолданатын рецепт XIV ғасырда Италияда пайда болды. Францияда тек XVI ғасырда пайда болды. «Балмұздақ» атауы да Франциядан шыққан. 

Балмұздақ жайлы қызықты деректер

• Балмұздақ жайлы алғашқы факт – оны алғашында тек бай адамдар ғана сатып ала алған. Ал бүгінгі таңда әрбір адам үшін қолжетімді.

• Дүние жүзіндегі ең қымбат балмұздақ – АҚШ-та 1000 долларға сатылған. Ол «GOLD» деген атаумен шығады.

• Балмұздақты ең алғаш Ежелгі Қытайда жасады. Еуропаға оны алғаш болып, сол елде саяхатта болған Марко Поло әкелді.

• Балмұздақты француз императоры Наполеон Бонапарт және АҚШ президенті Томас Джефферсон қатты ұнатқан.

• Дәрігерлер тамақ ауруларын алдын алу мақсатында осы тәттіні жеуге кеңес береді. Балмұздақ тамақты шынықтырады. Балмұздақты жиі жейтін адамдарға тұмауға (ЖРВИ) қарсы тұру оңайға түседі.

• Ғалымдар балмұздақтың адамның көңіл-күйін көтере алатынын, сондай-ақ әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі жоғары болатынын айтқан.

• Балмұздақ  – диеталық тәтті десерт. Ол салмақты бірқалыпты ұстауға көмектеседі. Себебі оның құрамында 20-дан аса ақуызды аминқышқылдар, майлы қышқылдар, дәрумендер мен минералдар (фосфор, магний, калий, темір) бар.

Қандай балмұздақ таңдаған дұрыс

Дәрігер-диетологтар балмұздақтың құрамына баса мән беру керектігін ерекше атап өтеді. Себебі оған қант көп қосылады. Майы да аз емес. Ал ондай балмұздақты қауіпсіз десерт деп айтуға болмайды. Мамандардың айтуынша, табиғи өнімнен жасалған балмұздақты таңдау қажет. Құрамы жақсы балмұздақтың өзін мөлшерден көп жеп қойса, денсаулыққа зияны тиеді. Сол себепті кез-келген өнімді тұтынудың өзіндік мөлшері болу керек. Есте сақтаңыз, қанша жерден табиғи балмұздақ пайдалы болса да, оны тым көп тұтынуға болмайды. Ал қант диабеті, артық салмақ мен асқазан ауруы бар адамдардың мүлдем тұтынбаған абзал.


Новости партнеров