|
18.11.2023 | 12:11
21357

Әлемдегі ең қымбат кофені білесіз бе

Цивет жануары кофенің хош иісін арттырады

Әлемдегі ең қымбат кофені білесіз бе Сурет: elements.envato.com

Көпшілік жиі тұтынатын кофенің әлемде әр алуан түрі бар. Өнімнің бағасы да сұрпына қарай өзгереді, деп хабарлайды Аlmaty.tv

"Копи лувак" - әлемдегі ең қымбат кофе. Өнімнің бұл сұрпы цивет жануарының нәжісінен жиналады. Кофе дәндерін қуыру арқылы керемет дәмге қол жеткізуге болады.

Әлемдегі ең қымбат кофе нәжістен жиналатыны көпшілікке жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен сарапшылар бұл өте дәмді әрі хош иісті сусын екенін айтады.

Цивет - Оңтүстік-Шығыс Азия мен Сахараның оңтүстігін мекендейтін жануар. Бұл маймыл тәрізді ұзын құйрықты және борсық пішіндес жануар.

Кейбір ғылыми зерттеулер жабайы цивет тек ең жақсы кофе жидектерін таңдап жейтінін растайды. Бұл оларды торларда ұстап, кез-келген жидекпен тамақтандыруға мәжбүр етеді сапасы төмен өнімнің өндірісін тудырады. Кофе сарапшысы циветтің ас қорыту жүйесі кофенің дәмін жұмсартады, хош иісін арттырады деп санайды. 

Оқи отырыңыз: 18 қарашаға арналған валюта бағамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир