|
30.12.2023 | 10:08
819

Мерекелік дастархан: жоғары қан қысымы бар адамдарға қандай тағамнан дәм татуға болмайды

Жаңа жылда мандаринді шамадан тыс жемеген дұрыс

Мерекелік дастархан: жоғары қан қысымы бар адамдарға қандай тағамнан дәм татуға болмайды elements.envato.com

Әдетте мерекеге жайылған дастархан аста-төк болады. Ондай кезде өзіңді ұстау қиын. Сондықтан артық тамақ жемеу үшін жаңажылдық ас мәзірді алдын ала құрған дұрыс. Диетолог Алексей Кабанов денсаулыққа зиян тимес үшін жаңажылдық ас мәзірден қандай тағамдарды алып тастау керек екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Дәрігер жүрегі ауыратын адамдарға ет қосылған салаттардан аулақ болғаны жөн екенін ескертті.

- Жүрегі ауыратын адамдар ет қосылған салаттарды жемегені абзал. Оның орнына балғын, көкөніс салаттары мен бұршақ дақылдарын тұтынғаны дұрыс. Ал тәттіге бәліш, тоқаш емес жеміс-жидек таңдаңыз, - деді маман. 

Салаттарға майонез орнына, зәйтүн майын қосыңыз

- Зәйтүн майын алу үшін оның сүйегін сыққан кезде күшті антиоксидант, полипренол түзеледі. Антиоксиданттар жасушаны жойылудан қорғайды. Сондықтан мұндай қанықпаған май жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға зиян тигізбейді, - дейді дәрігер.

Қатты тұздалған тағамдарды шектеңіз

Ал қатты тұздалған тағамды түн ортасында жеу мүлде қауіпті.

- Бүйрек кешкі сағат 18:00 шамасында ағзаны тазартуды бастайды, сондықтан оны натрийдің (тұздың) артық мөлшерімен жүктемеу керек. Натрий жасушаларға субстраттарды, соның ішінде аминқышқылдарын ақуызды сіңіру өнімдерін тасымалдайтын болғандықтан, оны мүлде жемеу дұрыс емес. Бірақ тұзды шамадан тыс тұтынатын болсаңыз, бүйрекке жүктеме түсіп, сұйықтық пен қанның рециркуляциясы бұзылады, ал бұл қан қысымына әсер етеді, - дейді сарапшы.

Тәттіден аулақ болыңыз

Маманның айтуынша, талшығы жоқ қарапайым қанттың өзі ағзаға судың сіңіуін тежейді. Ағзадағы артық қантты шығару үшін көп су қажет, ал су болмаса, адам ісініп бастайды.

Сондықтан маман десертке өрік, қара өрік, алмұрт сияқты құрамында қанты аз жемістерді жеуге кеңес берді. Өсімдік тағамында фруктоза мен глюкозаның қанға тез сіңуіне жол бермейтін талшық бар.

- Бірақ мандаринді шамадан тыс жемеген дұрыс, мандарин құрамында сахароза көп, - деп ескертті дәрігер.

Көбірек көкөніс жеңіз

-Төмен не жоғары қан қысымынан зардап шегетін адамдар көкөністі көп тұтынуы керек, - дейді дәрігер.

Етті аз жеңіз

- Жануар ақуызының тым көп мөлшері адамды ісіреді, сондықтан табақта ет, көкөніс пен дәнді дақылдар арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек, - дейді Алексей Кабанов.

Жаңажылдық үстелге күшті алкогольдерді қоймаңыз

Дәрігер сөзінше жүрегі ауыратын адамдарға коньяк, қызыл шарап секілді күшті алкогольдерден тартынған жөн. Алкогольсіз сусындар, ақ шарап немесе вермутқа артықшылық берген дұрыс.

Оқи отырыңыз: Астанадан Бурабайға жаңа жылдық пойыз жолға шықты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир