Тоңазытқышта қандай тағамдар ұзақ сақталады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Сіз білмейтін 5 тағам туралы мамандар кеңес береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кейбір тағамдарды тоңазытқышта сақтау  маңызды екенін білмейтіндер көп. Алайда төменгі температурада жақсы сақталатын тағамдар бар, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Шелпек 

Дүкеннен сатып алынған жұқа нандарды тоңазытқышта сақтау керек. Өйткені ол ұннан жасалғандықтан көгеріп кетуі мүмкін. Нанды ұзақ сақтағыңыз келсе, тоңазытқышқа салыңыз.  

Цитрус жемістері

Лимон, апельсин және әк (лайм) салқын жерде жақсы сақталады. Тоңазытқышта шамамен 5 градус температурада цитрус жемістері 3-6 апта бойы қаз қалпында болады. Дегенмен грейпфрут мұндай суықты қажет етпейді. Ол жоғары температурада бұзылмайды. 

Жаңа піскен жүгері

Жүгері суық жерде әлдеқайда жақсы сақталады. Өйткені бөлме температурасында қалдырылған өнімнің құрамындағы қант мөлшері күрт төмендейді. Егер сіз жүгеріні бірден пісірмесеңіз  тоңазытқышқа тікелей жапырақтарын жұлмай салу керек. Сол кезде жүгері бұзылмайды, 

Кетчуп(тұздық)

Көптеген адамдар тұздық бөтелкесін әрқашан үстел үстіне қояды. Бірақ бұл дұрыс емес. Кетчуп өндірушілері оны тек тоңазытқышта сақтау керектігін айтты. Салқындатылған кетчупты 6 айға дейін сақтауға болады. Сонымен қатар бұл өнімнің дәмі мен балғындығын жоғалмайды. 

Дәнді бидай ұны

Сарапшылар ұнтақталғаннан кейін дәнді дақылдардың дәмі мен хош иісі жоғала бастайтынын ескертеді. Егер мұндай ұн бөлме температурасында сақталса уақыт өте келе ащы бола бастайды. Дәнді бидай ұны сақталатын жер неғұрлым суық және қараңғы болса, соғұрлым жақсы. Жылу мен жарық тотығу жылдамдығын арттырады. 

Оқи отырыңыз: Демалыс күндері Алматыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Новости партнеров