Жаңа жылдық мереке оның басты атрибуты - шыршасыз өтпейеді. Отбасылар жасанды шыршаның орнына табиғи шыршаны көп таңдайды. Ағаштың хош иісі алдағы мерекені меңзейді, қуанышты атмосфера сыйлайды деп санайды. Дегенмен бұл қате пікір, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Жаңа жылдық шыршаны қалай таңдау керек?
Үйде мүмкіндігінше ұзақ уақыт жасыл болып, балалар мен ересектерді қуанту үшін жаңа кесілгенін алсаңыз, мерзіміне назар аударыңыз. Оны анықтау оңай. Шыншаның инелерін тартып көрген абзал. Жаңа кесілген ағаштен ине көп түспейді.
Мамандар жасыл желекті бүлдірмеу үшін жасанды шырша құруға кеңес береді. Ол ұзақ сақталып, келесі мерекеде де отбасының кәдесіне жарайды.
Сатылымда қылқан жапырақтардың бірнеше түрі бар.
Таңдау тек талғамыңызға байланысты. Әдемі ойыншықтармен безендіріп, мерекелік кешті отбасының ортасында өткізе аласыз.
Оқи отырыңыз: Cиноптиктер 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады