Жолақты жеміс: оны 200-300 грамнан артық жеуге болмайды

elements.envato.com
elements.envato.com
Піскен жеміс барабан сияқты дыбыс шығарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарбыз өнімінің маусымы басталды. Тәтті және шырынды бақша өніміне аптап ыстықта сұраныс арта түседі, деп хабарлайлы Аlmaty.tv тілшісі mir24.tv-ға сілтеме жасап. 

Бақша өнімдерінің кез келген түрі секілді оның да мөлшерін шектеп тұтыну қажет. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, бір ретте 200-300 граммнан артық қарбыз жеуге болмайды.

Егер сіз осы мөлшерден көп жесеңіз, әсіресе физикалық белсенділік жетіспесе, артық калория мен қант жинақталуы мүмкін. Қарбыздың калориясы көп, сондай-ақ артық қанты дене салмағына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ қарбызды сатып алатын орынның сапасына назар аудару маңызды. Сатушының санитарлық талаптарға сәйкес келуін және барлық қажетті құжаттың болуын тексеріңіз.

Сатушы Орхан ыстық жаздың өнімдерін жинап, пайда көрмек. Оның сататын жолақты жемісі Дағыстаннан жеткізіледі. Тамыздың басында мұндай қарбызға сұраныс артады. 

- Біз екі тонна қарбызды алып келіп, екі күнде сатып жібереміз. Үлкен қарбыздар 12-15 килограмм болады. Піскені барабан сияқты дыбыс шығарады. Өте дәмді, тәтті, – деді сатушы Орхан Абдуллаев.

Мамандар қарбызды таңдаудың бірнеше тәсілі бар дейді. Оларды есте сақтау оңай: 

қабығы қатты және жылтыр болуы тиіс, ал жолақтары барынша қанық болғаны жөн. Енді бір тәсіл көпшілікке таныс. Сыртын алақанмен ұрсаңыз барабан секілді дыбысы анық шығады. 

Жолақты жемістің балғын және тәттілігін қалауыңызға қарай таңдай беріңіз.

Оқи отырңыз: Дәрігер жүрекке пайдалы жеміс-жидектерді атады

Новости партнеров