|
27.01.2024 | 09:41
957

Ғалымдар бүйрек тасы ауруынан қорғайтын сусынды атады

Барлығы оның құрамындағы натрийге байланысты

 Ғалымдар бүйрек тасы ауруынан қорғайтын сусынды атады elements.envato.com

Бүйрек тасының түзілуіне  жол бермеуге болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ғалымдар жүргізген зерттеу көрсеткендей апельсин шырыны ағзадағы сілтілі деңгейді қамтамасыз ете алады.

Шырын құрамында сілтілі көрсеткіш жоғары. Несеп сұйықтығының құрамын сілтілі ферментпен байытсақ, тас мүлде түзілмейді. 

Мамандар ас содасы да пайдалы екенін айтады. Барлығы оның құрамындағы натрийге байланысты.

Сілтілі су бүйрек тастарының пайда болуына жол бермейді. Кәдімгі судың рН мәні шамамен 7,5, ал сілтілі судың рН мәні 8-ден 10-ға дейін.

Алайда ғалымдар бүйрек тасы ауруының алдын алуға сілтілі судың пайдасы мен зиянын нақты дәлелдеу үшін пациенттер ең алдымен клиникалық сынақ тексерістерінен өткені абзал екенін де ескертеді. 

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысының тұрғындарына ескерту жасалды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир