Жылытқыштардың басты кемшілігі қандай

elements.envato.com
elements.envato.com
Денсаулыққа зиян келтірмейтін түрін таңдауға болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Суық мезгілде көпшілік үйде жайлы температура болғанын қалайды. Сондықтан кейбіреулер қатты суықта жылытқыш пайдаланады. Алайда жылытқыштың түрлері денсаулыққа әртүрлі әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Бөлмедегі ауа температурасының өзгеруі адам ағзасына да өз әсерін тигізеді. Сондықтан жылытқышты өте мұқият таңдаған жөн. Осы орайда терапевт Иван Носков маңызды кеңестер берді. 

Жылытқыштардың түрлері

Суық мезгілде адамдардың көпшілігі үй температурасын мүмкіндігінше жайлы ету мақсатында әртүрлі жылытқыш пайдаланады. Бүгінгі таңда мұндай құрылғылардың көптеген нұсқасы бар. Олар механизмі мен дизайнына байланысты бөлінеді.

Желдеткіш түріндегі жылытқыштар;

Май жылытқыштар;

Конвекция;

Инфрақызыл;

Галогендер;

Кварц.

Басты кемшілігі қандай?

Кез келген жылытқыштың негізгі кемшілігі - ауаны құрғатады. Олардың көпшілігі ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Бұл жағдайда ең бірінші шырышты қабықтар зардап шегеді. Әсіресе, көп жағдайда мұрынның шырышты қабаты кеуіп, қорғаныс функциясынан айырылады. 

- Осылайша, құрғақ ауаға үйреніп қалған кезде ағзаның аллергияға және суыққа бейімділігі артады, ал көздің шырышты қабығынан конъюнктивит дамуы мүмкін, - деп түсіндірді дәрігер.

Ең нашар, ең жақсы нұсқа қайсы?

- Ең нашар әсер беретіні - желдеткіш түріндегі жылытқыштар, олар бөлмені жылы ауа айналымына байланысты тез қыздырады, дегенмен құрғатып жібереді. Олар оттегін жағуға қабілетті, бұл қосымша гипооксигенацияға әкеп соғады, - деді Иван Носков.

Ал бұл - адам әлсіз, ұйқышыл, шаршаңқы болатын жағдай.

- Май жылытқыштары мен конвекторлар оттегін күйдірмейді. Бұл олардың пайдалы тұсы саналады. Бірақ олар да ауаны құрғады. Сондықтан жылытқыш қолдансаңыз, үйде ылғалдандырғыш алып, үнемі ылғал ауа алмастырып, бөлмені желдетіп отыру керек, - деп кеңес берді маман.

Дәрігердің сөзінше инфрақызыл жылытқыш адам үшін ең қауіпсізі саналады.

Маман жылытқыш денсаулыққа зиян тигізбеуі үшін оның уақытын реттеу керек екенін айтты. Сондай-ақ пайдаланар алдында нұсқаулықпен танысу қажет.

Оқи отырыңыз: Жақын күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді

Новости партнеров