Мамандар жазатайым дене жарақатынан сақтанудың тәсілін ұсынады
Қыста қатқақ мұздан аяқ киім табаны тайып, адам құлап, ауыр жарақат алуы әбден мүмкін. Бірақ денсаулығыңды алдын ала қорғап, оқыс жағдайдан сақтану үшін етікті көктайғақта таймайтындай етудің бірнеше жолы бар, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Етік таймауы үшін халық арасында тараған кеңестерді тізейік.
Табанға ірі түйірлі егеуқұм қағазын резеңке желім арқылы кең жолақ жасап жабыстыруға болады.
Дәл осындай тәсілмен табанға киіз жолақтарын жабыстыруға болады, ол көшеде серуендегенде мұзға тежеліп, тайғанамайды. Тек аязда жұмсақ әрі серпімді күйін сақтамайтын киіз түрін таңдау керек.
Мұны мата негізіндегі жабысқақ сылақпен де жасауға болады.
Желім мен құм
Алдымен етік табанын әбден құрғатып, содан кейін оның шығыңқы беттеріне өзіңіз қалаған сапалы желім жағып шығыңыз. Желім кеуіп қалмай, тезірек бетіне құм сеуіп, дұрыстап кептіріңіз.
Құмның орнына үйде қолжетімді тұзды қолдануға болады.
Алайда мұндай халық әдістер уақытша ғана көмектеседі. Желім көмегімен жабыстырылған заттардың түсіп қалатыны мен лайфхакты қайтадан жасау керегіне дайын болғаныңыз абзал.
Кәсіби әдіс
Ең жылдам әрі қауіпсіз әдіс - арнайы қаптама (ледоступ) сатып алу. Бұл резеңке жолақтағы табанға арналған төсеніштер, оны ғимарат ішіне кірер алдында киіп, шешу оңай. Қаптаманы спорт немесе бюджеттік тауарлар дүкендерінен таба аласыз.
Сонымен қатар аяқ киім шеберлері ұсынған тағы бір әдіс - шеберханаға барып, полиуретанды протектор жабыстыру. Беті бұдыр, серпімді төсем жоғары тартымдылыққа ие, сондықтан жүруге кедергі келтірмей, табанның тайғанамауын қамтамасыз етеді.
Оқи отырыңыз:Жылытқыштардың басты кемшілігі қандай