Бақыт гормонын түзетін өнімдер тізімі ұсынылады
Диетологтардың айтуынша адамның жан дүниесінің жағдайы мен көңіл- күйі 30% оның қандай тағам тұтынғанына байланысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. Сондай-ақ олар адамның тәбетін ашып, көңілін сергітетін тағамдар бар екенін айтты. Көңіл- күйіңіздің көтеріңкі болуы үшін төмендегі тағамдарды жиі жеп тұрғаныңыз жөн.
Бұл тізімнің көшін бастап тұрған шоколад. Ол адамның ағзасында эндорфин, басқаша айтқанда "бақыт гормонын" бөледі. Бірақ ол адамның көңілін көтере алады деген қате түсінік. Ғалымдардың зерттеуінше, шоколадты көп жейтін адамдар керісінше, қайғы-мұңға батуға құмар. Шоколадтың адам ағзасына әсері уақытша болады. Өзіңізді шоколадпен қуантып, қайғыңызды бассаңыз болады. Тәттінің құрамында теобромин, фенилетиламин және кофеин сынды ынталандырғыш заттардың бар екендігімен түсіндіріледі.
Адам көңілін көтеріп, ағзаға жағымды әсер сыйлайтын тағамдар тізімімен таныс болыңыздар:
Қызыл балық. Тек қана осы тағамда май ерітетін А, Д және Е дәрімендерінің жиыны бар. Сонымен қатар қызыл балықта күйзеліспен күресуге көмектесетін омега-3 май қышқылы бар.
Банан. Бұл тропикалық жеміс. Қуану, масаттану, аяқ астынан пайда болған бақыт сезімін оятатын алкалойд харман құрамдас бөлігіне ие. Ал құрамындағы А, В дәрумендері және калий шаршауды басады.
Бадам. Құрамында қорқыныш пен шаршаудан қорғайтын фоли қышқылы бар. Ал бұл жаңғақтағы рибофлавин және магний қуаныш гармонын синтездейді.
Ірімшік. Өнімнің құрамында көңіл-күйді көтеретін тирамин, триптамин және фенилэтиламин аминқышқылдары бар. Сондай-ақ оның құрамындағы В тобының дәрумендері - табиғи тыныштандырғыштар.
Шемішке. Құрамында біздің жүйкемізді нығайтатын В дәрумен тобы бар. Сонымен қатар шемішке құрамында жыныстық құмарлықты оятатын мырыш бар.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірі тамаққа көп ақша жұмсайды