|
18.11.2023 | 15:13
743

Қазақстанның қай өңірі тамаққа көп ақша жұмсайды

Азық-түлікке жұмсалатын шығын 14% өсті

Қазақстанның қай өңірі тамаққа көп ақша жұмсайды Сурет:elements.envato.com

Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығын 14 пайызға өсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.

2023 жылдың екінші тоқсанында  азық-түлік пен сусындарға жұмсаған шығын 13,9% өсіп, 421,1 мың теңгені құрады.

Азық-түлік тауарларының барлық шығындағы үлесі 92%, жалпы тұтыну шығындарынан 52% құрады.

Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған ақша 369,8 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,6% артық.

Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: тоқсанына 557,5 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 13,9% артық.

Тамаққа көп ақша жұмсайтын өңірлер:  Маңғыстау облысы - 551,6 мың теңге, Атырау облысы - 512,4 мың теңге, Ұлытау облысы 502,5 мың теңге және Алматы облысы 484,3 мың теңге.

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығындардың жыл сайынғы ең үлкен өсімі Ұлытау облысында, ең азы - Павлодар облысында байқалды.

Тұрғындардың азық-түлік және алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындарының құрылымында ең көп үлесті 33,4% ет және ет өнімдері алып отыр: республика бойынша орташа көрсеткіш - 140,6 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7% артық.

Екінші қатарда нан өнімдері мен жарма өнімдері тұр: 64,5 мың теңге.  “Үштікті” сүт өнімдері жапты - қазақстандықтар оларға 44,7 мың теңге жұмсады, бұл 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,4% көп.

Ел тұрғындары жеміс-жидектерге 35,1 мың теңге, көкөніс сатып алуға 34,3 мың теңге, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 28,1 мың теңге, майға 22,7 мың теңге, алкогольсіз сусындар мен балық,теңіз өнімдеріне 17,6 мың теңге, жұмыртқаға - 9,1 мың теңге жұмсады.

Оқи отырыңыз: Әлемдегі ең қымбат кофені білесіз бе

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир