|
10.04.2024 | 08:43
263

Министрлік су тасқыны кезіндегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді

Халық арасында жүргізілген профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар нәтижесі

Министрлік су тасқыны кезіндегі эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеді elements.envato.com

Биыл көптеген инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республика халқы арасында жүргізіліп отырған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит сібір жарасы, іш сүзегі, құтырма, туляремия, сіреспе тіркелген жоқ.

26 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы 5 есе, скарлатина 27,5% (жиырма жеті бүтін оннан бес пайызға), бруцеллез 25%, ротавирустық инфекция 23%, эхинококкоз және лямблиоз 21% , энтеробиоз 15,5%, сальмонеллез 9% төмендеді.

Биыл наурызда ақпанмен салыстырғанда қызылшамен ауыру көрсеткіші 33% төмендегені байқалады.

Оқи отырыңыз: Белгісіз дерт: Астанада 11 жастағы қыздың тамағына шаш өскен

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир