Қытайда ер адамнан бубон обасы анықталды
Depositphotos.com
Қазір өңірде эпидемиологиялық қауіпке әрекет етудің төртінші деңгейі жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайда адамның бубон обасын жұқтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Науқас елдің солтүстік-батысындағы Иньчуань қаласының тұрғыны. Ол жуырда Ішкі Моңғолия автономдық ауданына барып қайтқан екен. Өткен аптада ер адам есінен танып, денесі қалтырап, денсаулық жағдай нашарлап кеткен.
Қазір өңірде эпидемиологиялық қауіпке әрекет етудің төртінші деңгейі жарияланды.
Айта кеткен жөн, бубон обасы – жұқпалы ауру. Өлім көрсеткіші жоғары. Оны кеміргіштердің үстінде болатын бүргелер таратады.
Ауру белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпе, лимфа бездерінінің ісінуі жатады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53