|
14.02.2019 | 09:26
2409

ДДСҰ: құлаққаппен ән тыңдаған 1,1 млрд адам есту қабілетінен айрылуы мүмкін

ДДСҰ келтірген деректерге қарағанда, әлем халқының 5%-ы, яғни 466 млн адам есту қабілетіне қатысты аурулардан зардап шегеді

ДДСҰ: құлаққаппен ән тыңдаған 1,1 млрд адам есту қабілетінен айрылуы мүмкін inform.kz

Ғаламшардың 12-35 жас аралығындағы тұрғындарының жартысына жуығы, яғни 1,1 млрд адам құлаққап арқылы қатты дауыспен ән тыңдағандықтан есту қабілетінен айрылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік электр байланысы одағы 3 наурыз - Халықаралық есту қабілетін қорғау күні қарсаңында құлаққап жасап шығарушылар мен оны пайдаланушыларға арналған ұсыныстарын жариялады.

«Смартфондарды дыбыстың қаттылығын анықтап, тыңдаушыға ескертіп отыратын арнайы жүйемен жабдықтаған жөн», - дейді ДДСҰ сарапшысы Шелли Чадха.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа жүйе дыбыстың қаттылығын, тыңдаудың ұзақтығын анықтаумен қатар, ата-аналарға балалары тыңдаған әндерді де қадағалау мүмкіндігін беруі қажет.

«Көптеген жастар жай ғана ән тыңдап жүріп саңырау болып қалуы мүмкін. Олар егер есту қабілетінен айырылса, оны қайта қалпына келтіре алмайтынын түсінуі қажет. ДДСҰ мен ДЭБО-ның ұсынысы олардың есту қабілетінен айырылмай, ән тыңдауына көмектеседі», - дейді сарапшылар.

ДДСҰ келтірген деректерге қарағанда, әлем халқының 5%-ы, яғни 466 млн адам есту қабілетіне қатысты аурулардан зардап шегеді. Олардың көпшілігі табысы орташа немесе төмен елдерде тұратын ересектер. ДДСҰ мамандары 2050 жылға қарай есту қабілеті зақымданғандар саны әлем халқының он пайызына жетуі мүмкін деп дабыл қағып отыр.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир