|
Jol
14.02.2019 | 09:45
1892

Жігітін зорлады деп айыптаған 18 жастағы қыздың үстінен іс қозғалды

Тәртіп сақшылары бойжеткенге біреуге жала жапқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескерткен

Жігітін зорлады деп айыптаған 18 жастағы қыздың үстінен іс қозғалды  sputniknews.kz

Ресейдің Владикавказ өңірінде жас қыздың үстінен біреуге жала жапқаны үшін іс қозғалды, деп жазды sputniknews.kz. 

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 18 жастағы бойжеткен ақпан айының басында полицияға «танысым зорлады» деп арыз берген. Құқық қорғаушылар жас қызға жалған арыз бергені үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеді.

Тексеру барысында қыздың өтірік айтқаны белгілі болды, танысы ешқандай қылмысқа бармаған болып шықты.

Жергілікті басылымдардың жазуынша, танысы деп отырған қыздың жігіті болса керек. Ол бойжеткеннің бұл арызын естіп аң-таң болған, негізінде екеуі бір-бірін ұнатып, көңіл қосқан екен.

Ресей заңы бойынша, қыз жала жапқаны үшін айыппұл төлеуі, түзету жұмысына салынуы немесе үш жылға дейін сотталуы мүмкін.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир