Сәтті ота: Алматы онкологтары кеңірдек обырына шалдыққан ер адамның өмірін сақтап қалды

Алматы онкология орталығынан
Алматы онкология орталығынан
Операциядан кейінгі 10-күні науқас қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы онкологтары кеңірдек обырына шалдыққан ер адамға күрделі ота жасап, өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы онкологиялық орталығының онкологы Саттар Аппазов кеңірдектің жоғарғы үштен бір бөлігіндегі қатерлі ісіктің 3-сатылы диагнозымен түскен 58 жастағы ер адамға күрделі ота жасады.

Науқас тұрғылықты жері бойынша 4 курс терапиясынан өтті. Дегенмен, бұған қарамастан ауру одан әрі өршіп кеткен.

Науқастың айтуы бойынша, 2022 жылдың шілдесінде ЖРВИ-дан кейін құрғақ жөтел дамыған.

«Құрғақ жөтел менде бірнеше ай бойы болды, тұрғылықты жерім бойынша ЛОР дәрігерге қаралдым, еш әсері болмады. Әрі қарай мен онкологқа жүгіндім, сонда маған диагноз қойылды. Жағдайым нашарлай түсті, мүлде тыныс ала алмайтын болдым. Мен басқа қаладанмын, Алматы онкологиялық орталығында менің диагнозым бойынша осындай күрделі ота жасайтынын, мұнда кәсіби мамандар барын білген соң, осында келдім», – дейді ер адам.

Онкохирург Саттар Аппазов атап өткендей, операцияның күрделілігі кеңірдектің ұзартылған айналмалы резекциясынан кейін кең таралған кеңірдек ақауы пайда болатын еді. Оны реконструкциялық хирургияның қыр-сырын білмей, бір-бірімен, басынан аяғына дейін жалғау мүмкін болмас еді. Кеңірдекті бір мезгілде реконструкциялау тәжірибесі бар дәрігер «бір мезгілде кеңірдек трахеосақиналарының 2-нен 8-не дейін айналмалы резекциясы мен кеңірдек реконструкциясы» күрделі отасын жасады.

«Мұндай операция бірнеше курс түрінде бірнеше рет отасыз жүргізілген кеңірдек тыртығының тарылуын эндоскопиялық жоюдың еш пайдалы әсері болмаған кезде және тарылудың тұрақты тенденциясы сақталған кезде жасалады. Ота шамамен 3 сағатқа созылып, сәтті өтті», – дейді онкохирург.

Операциядан кейінгі 10-күні науқас қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Дәрігер атап өткендей, мұндай бір уақытта жасалатын кеңірдек реконструкциясының артықшылығы одан кейін тез қалпына келуде, атап айтқанда, 10 күннен кейін пациент қалыпты өмірге оралады, дауыс жәні тыныс алу функциялары сақталады, сондықтан дауысты қалпына келтіру үшін екінші операция жасау қажет емес.

Кеңірдек ісігі – даму көзі кеңірдектің шырышты қабаты болып табылатын қатерлі ісіктер тобы. Ерте кезеңде аурудың ешқандай белгісі болмайды, бұл оны уақтылы анықтауды айтарлықтай қиындатады.

Аурудың негізгі белгісі – тыныс алудың өзгеруі және қиындауы. Науқаста ентігу немесе стридор пайда болады (сықырықты дем, кеңірдек арнасының қатты тарылуынан туындаған шулы тыныс алу). Ағза әдетте кеңірдектің біртіндеп тарылуына тез бейімделеді, сондықтан көп жағдайда онкологияның бұл түрі тарылу тым күшті болған соңғы кезеңдерде ғана анықталады.  

Ентігу бірте-бірте пайда болады, басында тек физикалық жүктеме кезінде, содан кейін тіпті жай сөйлескеннің өзінде орын алады. Егер бронхит, тұмау, қақырықтың жиналуы қосылса, ентігу күшейе түседі. Жатқан күйде көптеген науқастар тұншығу ұстамаларын бастан кешеді, сондықтан оларға бронх демікпесі немесе бронхит деген қате диагноз қойылып, олар содан емделеді. Пациенттердің шамамен 50%-да қан қоспасы немесе қызыл жолақтар бар қан қақыру орын алады.

Статистикаға сәйкес, бұл ауру өте сирек кездеседі (онкологиялық аурулардың жалпы санының 0,2%-дан азы) және бұл диагноз 40-60 жастағы ерлерге жиі қойылады.

Бұл ісік түрі балаларда өте сирек кездеседі. Ісіктің көпшілігі кеңірдектің жоғарғы бөлігінде орналасады.

Қорытындылай келе, онколог ерте диагностика өмірді сақтайтынын еске салады.

Новости партнеров