2022 жылғы 23 ақпанға дейінгі мерзімде Алматы қаласының бөлшек сауда желілеріне кемінде 1,401 млн. қаптамада дәрілік заттарды және 7,85 млн. бірлікте медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу үшін дәрілік заттардың көтерме жеткізушілеріне 2,77 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, фармацевтикалық компаниялар өздерінің қоймаларында 611 мың қаптама мөлшеріндегі дәрілік заттардың және 3,14 млн. бірліктегі медициналық мақсаттағы бұйымдардың азайтылмайтын теңгерімін ұстап отыруға міндеттеніп отыр, ол тапшылық туындаған жағдайда, қала дәріханаларының желілеріне, олардың тапсырыстары бойынша, сатылуы тиіс болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тұрақтандыру қорының шеңберінде фармацевтикалық компаниялар 309 мың дәрілік заттарды және 4 575 мың медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізді. Тұрақтандыру қорының азайтылмайтын теңгерімі 261 мың дәрілік заттарды және 3 136 мың медициналық мақсаттағы бұйымдарды құрайды. Жеткізушілердің қоймаларындағы барлық дәрілік заттардың, биологиялық белсенді қоспалардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жалпы теңгерімі 15 478 мың бірлікті құрайды.
Аса үлкен сұранысқа ие препараттар (антибиотиктер, вирусқа қарсы және дене қызуын басатын препараттар) жеткілікті көлемде қолда бар: 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап, қала дәріханаларына 2,5 млн. дәрілік заттар, биологиялық белсенді қоспалар және медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді. Коронавирустық инфекцияны емдеудегі сұранысқа ие препараттар барлық дәріханаларда бар, әріптестердің дәріханаларының теңгерімінде 1,3 млн. препарат бар.
Тұрақтандыру қорының шеңберінде жеткізілімнің жалпы көлемі 59 дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды:
- антибиотиктер (Азитромицин, Левофлоксацин, Ципрофлоксацин, Меропенем, Цефтриаксон, Цефуроксим, Мегасеф, Моксифлоксац, Офлоксацин) – 505 000 қаптаманы;
- дене қызуын басатын препараттар (Ибуфен, Интрафен, Ибупрофен, Парацетамол, Нимесулид) – 176 100 қаптаманы;
- вирусқа қарсы препараттар (Бидирем лиофилизат, Осельтамивир, Римантадин Озон, Кагоцел) – 65 590 қаптаманы;
- антикоагулянттар (Гепарин натрия, Надропарин Кальция, Катенокс 6000анти-Ха, Катенокс 4000анти-Ха, Риварокс) – 42 000 қаптаманы;
- антиреагенттер (Аспирин Кардио, Тромбо АСС) – 32 000 қаптаманы;
- витаминдер (Аскорбин қышқылы, инъекцияға арналған ерітінді) – 40 000 қаптаманы;
- гормоналдық препараттар (Преднизолон, Метипред, Дексаметазон, Пульмикорт) – 221 000 қаптаманы;
- өзге де препараттар (Глюкоза 5% 200мл, Натрия хлорид 0,9%, Анальгин, Кетотоп, Магния сульфат, Фуросемид, Фамо, Но-шпа және т.б.) – 319 200 қаптаманы және;
- медициналық мақсаттағы бұйымдар (саусақтық Пульсоксиметр, инфузиялық ерітінділерді инемен енгізу жүйесі, инесі бар инъекциялық шприц) – 7 848 000 дананы құрайды.