Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде Медицина қызметкерлерінің мерекесі аталып өтеді. Бұл күні өз тағдырын ең қиын, ең құрметті, ең қажетті кәсіппен байланыстырған жандарға алғыс білдірудің маңызы зор. Дәрігердің адам өміріне араша түсу - бұл күнделікті қажырлы да, өте жауапты еңбек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мереке қарсаңында біз Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығын, дәрігерлері мен мейіргерлерін Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтап, оларға еңбек жолында табыс пен күш-жігер тілегіміз келеді", - дейді пациенттер.
Қызылорда облысынан келген ҚР құрметті құрылысшысы Алшынбай Тұрғанов атап өткендей, әрбір адам өз өмірінде медицинамен кездеседі, біз дәрігерге емделемін деген зор үмітпен келеді.
"Біздің сауығып, аурудан арылып кетуіміз үшін бар күшін салып қана қоймай, біздің жанымызды да емдейді. Осы мереке күні медицина қызметкерлерінің өздеріне де зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілегім келеді",- дейді ардагер аға.
Ол кісінің айтуынша, еліміздің ең үздік орталығы болып табылатын осы клиникада 15 жыл бойы емделіп келеді, тек осы институттың мамандарының арқасында алты стентпен 76 жасқа дейін жетті.
"Соңғы жылдары институттың бірінші басшысы Роза Қуанышбекованың мықты ұйымдастырушылық қабылеттерінің арқасында клиниканың қаншалықты өзгергендігін көріп отырмыз. Бұл ғимараттың күрделі жөнделуі, жаңа жабдықтармен жарақталуы және тағы басқа да көптегенөзгерістер", - деп Алшынбай аға өз сөзін жалғастырды.
Оның палатадағы көршісі, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, аудандық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, 76 жастағы Тұрдалы Қалдыбаев жыл сайын клиникаға емделуге келетіндігін айтты, Тұрдалы аға жерлесінің сөзін мақұлдап, дәрігерлерге өз құрметін білдірді. Аға жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахытты, аритмолог дәрігер Артур Абдымомуновты және барлық дәрігерлер мен мейіргерлердің адал еңбектерін атап өтті.
№2 терапия бөлімшесінің пациенттері ерекше белсенділік көрсетті.
Қаскелең қаласының тұрғыны, БСА, АГ диагнозы бар 52 жастағы Дильбар Тагиева: «Мен осы клиникада 5-рет емделіп жатырмын. Мұндағы мамандар өте білікті. Әр пациентті жеке қарап, мұқият тыңдап, емдейді. Тіпті ауруханадан шыққаннан кейін де біз оларға телефон шалып, телефон арқылы кеңес алып отырамыз», - деді.
Тараз қаласынан келген 62 жастағы Валентина Корзун де әңгімеге араласып, өз жағдайын айтты: «Мен 2010 жылы ауырып қалдым, ешбір медицина ұйымы диагноз қоя алмады. Маған осы клиникаға қаралуыма кеңес бергендер көп болды, сондықтан мен 2012 жылы осында келдім. Маған бірден диагноз қойылып, менде сирек кездесетін ауру – Хортон ауруы, яғни алып жасушалы васкулит болып шықты».
"Бұл клиникада өте білікті мамандар жұмыс істейді, бұл ревматолог Ольга Машкунова, бөлімше меңгерушісі, нефролог және ревматолог дәрігер Лейла Мамедова. 7-ші рет емделуге келіп отырмын, пандемия кезінде келе алмадым, ол да бітті, мен қайтадан ем қабылдай бастадым, тиісті дәрілер тағайындалды. Мен барлық дәрігерлерге, мейіргерлерге өте ризамын", - дейді Валентина Ивановна.
Ляззат Чикабаева, 54 жаста, ревматоидты артрит диагнозымен клиникада 4 жыл бойы емделіп жатқандығын айтты. Ляззат Қырғызбайқызына да басқа жерлерде диагноз қоя алмағандығын айта кету керек. Ол институттың стационарына бірінші рет ауыр күйде түсіп, диагноз қойылып, емделіп шыққан. Қазір ол өз ісіне адал, білікті мамандардың арқасында өзін жақсы сезінетіндігін айтты. Бұл Лейла Мамедова, ревматолог Маржан Абдуллаева және барлық мейіргерлер. Пациент палаталар таза, жайлы – осының барлығы бізді қуантады, тамағы да жақсы дейді. Үлкен ризашылығын білдіріп жатыр.
50 жастағы алматылық Жазира Нурбекова, жас кезінен бронх демікпесімен ауырады екен, клиникаға түскенге дейін күн сайын жедел жәрдемді шақырып отырған. Ол, мені емдейтін пульмонолог дәрігер Айгерим Саменбаеваның «Мен Сізді күттім! деген сөзіне риза болдым дейді.
"Ал мұндағы мейіргерлер қандай! Біздің тамырларымыз жіңішке, нашар. Ал олар нағыз өз ісінің шеберлері! Бүкіл ұжымға табыс тілейміз!" - деп Жазира Бейсенқызы өз алғысын білдірді.
34 жастағы жүйелі қызыл жегі диагнозымен түскен Ергаламова соңғы 3 жыл ішінде клиникада стационарлық ем қабылдап жүр, оған да диагноз осы институтта қойылды. Ол кісі де Лейла Пашаевна, Маржан Төлендіқызына, мейіргерлерге өз құрметін білдіріп жатыр.
4 баланың анасы, Тараз қаласынан келген 38 жастағы Меруерт Қуатова Клиника толығымен жаңартылған, таза, іші әдемі. Барлық қызметкерлер мейірімді деп өз алғысын айтты. Бұл кісіге де осы клиникада дұрыс диагноз қойылғандығын айта кету керек.
Алматылық ӨСОА диагнозымен келген 62 жастағы Фархад Файзуллин клиника мамандарының білімділігін, қарапайымдылығын, мейірімділігін айтып кетті. Бұл кісі ауруын асқындырып алған, стационарға жақында түсті, алайда оны қайтадан аяқтан тұрғызатындығына сенеді, өйткені 2 жыл бұрын осында емделіп шыққан.
Жамбыл ауданының Фабричный ауылынан келген Бақытжан Кульчигашевтің жүрегіне операция жасалды. Оған да инфаркт пен инсульт алғаннан кейін осы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бару туралы кеңес берілген.
Бақытжан Ракишевич кардиохирургтер Рүстем Төлеутаев пен Жанар Нурбайдың арқасында жағдайының жақсарғандығын айта келе, бұл Қазақстандағы ең үздік клиникалардың бірі! Мен біздің елімізде осындай клиника және мықты, білікті мамандардың болғандығына ризамын деді.