Алатау ауданында 2 дәрігерлік амбулатория салынады

27.04.2023 15:42

Медициналық мекемеде 200 адам қабылдайды

Ашық дереккөз

Алатау ауданында 2 дәрігерлік амбулатория салынады. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2023 жылдың ақпан айында «Саялы» және «Қарасу» 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды. Медициналық мекемеде 200 адам қабылдайды,

Әкімнің айтуынша, құрылыс 2024 жылдың І-тоқсанында аяқталады. Осылайша, ауданда тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері жүйелі түрде шешіліп келеді.