Бүйректе тас түзілмес үшін қандай тағамдардан аулақ болу керек

elements.envato.com
elements.envato.com
Көп су ішуді әдетке айналдырыңыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Несеп-тас ауруларына әйелдерге қарағанда ерлер жиі шалдығады. Бұл патологияның пайда болуына зиянды әдеттер, өмір салты, тұқымқуалаушылық және дұрыс тамақтанбау себеп болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. Сондай-ақ адам бүйрегінде тас бар екенін біразға дейін білмеуі де мүмкін. Алайда тастар қозғала бастаған кезде дәрі ішсеңіз де қоймайтын қатты ауырсыну пайда болады. Бүйректе тас түзілмес үшін әдеттеріңізді, соның ішінде тамақтану дағдысын бақылау керек. 

Бүйректе тас түзілмес үшін қандай тағамдардан аулақ болу керек?

Эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша бүйректе жиі оксалат тастар түзіледі. Алайда фосфат және несеп қышқылы негізіндегі тастар да кездеседі.

- Оксалат тастар түзілуі үшін несеп қышқылданған болуы керек. Мұны несеп қышқылы қамтамасыз ете алады. Адам суды қаншалықты аз ішсе, несеп соншалықты қышқыл бола түседі, сәйкесінше, тас түзілу қаупі артады, - деп түсіндірді дәрігер.

Сол үшін таза су ішу маңызды. Міндетті түрде оны әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ бүйрек үшін қауіпті өнімдерден алшақ болыңыз.

Бұл тізімге мыналар кіреді:

Газдалған және тәтті сусындар;

Көп мөлшердегі шай мен кофе (күніне 4-5 кесе ішу нормадан көп болып саналады);

Шырындар (олардың құрамында қант пен басқа да зиянды заттар көп);

Асжапырақ және қымыздық (бұл көкөністер пайдалы, бірақ оларды күнде және көп мөлшерде жеуге болмайды);

Ақуыз өнімдерін өте көп және жиі жеу де зиян, әсіресе, грек жаңғағы, табиғи йогурт, үрмебұршақ, тунец, тофуды өте көп жеуге болмайды;

Көп мөлшердегі шоколад;

Өте көп мөлшердегі жемістер мен жидектер;

Сыра;

Субөнімдер (бауыр, бүйрек, тіл).

Ескерту: жемістер, субөнімдер және шоколадтан бас тартудың қажеті жоқ. Олардың пайдасы бар, бастысы – оларды көп жемеу. Денсаулықты сақтау үшін рацион әртүрлі болуы керек: ода қаншалықты әртүрлі өнімдер болса, соншалықты жақсы.

Бүйректе тас пайда болғанын қалай білуге болады?

Алғашқы және негізгі белгі – іштің қатты ауыруы. Адам отыра да, жата да, тіпті, тұра да алмайды. Оның басқа да белгілері бар:

Несеп түсінің өзгеруі;

Температураның көтерілуі;

Жүрек айну;

Құсу;

Жиі кіші дәретке бару;

Дәретханаға барғаннан кейін ауырсыну және жеңілдеу сезімінің болмауы.

Егер осы белгілерді байқасаңыз, бұл терапевтке немесе урологқа көрінуге себеп. Дәрігер бұл белгілердің нақты себебін анықтау үшін сізді УДЗ түсуге жіберуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қытайдың күмәнді дәрісі шымкенттік әйелді жансақтау бөліміне түсірді

Новости партнеров