|
05.08.2022 | 10:20
582

Маймыл шешегін жұқтырған адам соқыр болып қалуы мүмкін

Көзге жұққан кезде қасаң қабықтың қабынуы (кератит) қаупі бар

Маймыл шешегін жұқтырған адам соқыр болып қалуы мүмкін pixabay

Маймыл шешегіне шалдыққан әрбір он науқастың бірінің көру қабілетінің төмендеуі, әрбір бесінші адамның фотофобия, әрбір үшінші адамның конъюнктивит ауруы бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Маймыл шешегінен кейін ұзақ мерзімді әсерлер болуы мүмкін, соның ішінде көру қабілетіне байланысты. Вирус көзге жұқса, адам мүлдем соқыр болып қалуы мүмкін. Бұл туралы Роспотребнадзор орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная айтты.

«Көзге жұққан кезде қасаң қабықтың қабынуы (кератит) қаупі бар, бұл оның бұлыңғырлануына, жаралануына және кейіннен тыртықтардың пайда болуына және ақыр соңында көрудің қайтымсыз жоғалуына әкеледі», - деді Наталья Пшеничная.

Египеттің Танта университетінің зерттеушілері келтірген деректерге сәйкес, науқастардың 17%-да конъюнктиваның ошақты зақымдануы, 7,5%-да кератит, 4%-да мүйізді қабықтың жарасы дамиды.

Маймыл шешегімен байланысты қасаң қабықтың инфекциясы көру қабілетінің жоғалуына әкелетінін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады, деп хабарлады МФТИ халық денсаулығы көрсеткіштерін талдау және денсаулық сақтауды цифрландыру зертханасының меңгерушісі Станислав Оставнов.

Сонымен қатар, ДДҰ ауыр зардаптар ретінде энцефалит, бронхопневмония, қан улануларын да атайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир