|
19.02.2019 | 13:07
3192

Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысты

Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды tengrinews.kz

Алексей Цой Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Премьер-министрдің сайты.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алексей Владимирович Цой басқа жұмысқа ауысына байланысты ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.  

Ол осы қызметке 2017 жылы ақпанда тағайындалған еді.  1996 жылдан 1997 жылға дейін ол SELS college London (Ұлыбритания) білім ордасында оқыған. 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, 2007 жылы – «Дәнекер» халықаралық құқық және Халықаралық бизнес институтын, 2015 жылы - Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады.

2002-2004 жылдары республикалық клиникалық аурухананың, Астана Ұлттық ғылыми медициналық орталығының (ҰҒМО) дәрігер-эндоскопист болып жұмыс істеді.

2004 жылдан 2007 жылға дейін ХҒМО докторант, дәрігер-эндоскопист, аға ғылыми қызметкер болды. 2007 жылдан 2008 жылға дейін ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының заманауи технологияларды енгізу орталығы директорының міндетін атқарды, 2008 жылдан 2010 жылға дейін осы орталықтың директоры болды.

2010 жылдан 2011 жылға дейін ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығының бастығы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Астана қаласының № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарды. Алексей Цой - медицина ғылымдарының кандидаты, іскерлік басқару докторы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир