Биыл Жетісу ауданындағы Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және оның жақын жерден көрсетілуін қамтамасыз ету үшін Жетісу ауданында 3 денсаулық сақтау объектісі бойынша жұмыс жүргізілуде. Биыл тамыз айында 500 келушіге арналған, яғни Омаров көшесінде 200 келушіге және Нүсіпбеков көшесінде 300 келушіге арналған емханаларды орналастыру үшін
2 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды. Әзірлеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылы бастау жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін Кемел шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып бітеді", - деді қала әкімі.