Қазақстандықтар жиі ішетін парацетамолдың зияны бар ма

ferra.ru
ferra.ru
Препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың салдарын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.

«Жиі кездесетін симптом – жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады, бұл өз кезегінде бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін.

«Парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз», – деп кеңес береді денсаулық сақтау органы өкілдері.


Новости партнеров