Тексеріс нәтижесінде орталыққа айыппұл салынған болатын
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталықтың жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстанда ем-домның бұл түрі дәстүрлі медицинаға жатпайды. Қазір арнайы жұмыс тобы осындай орталықтарға заң жүзінде жұмыс істеуге рұқсат беру-бермеу жағын талқылап жатыр.
"Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылық болғандықтан, ол орталықты жабу рәсімдері жүріп жатыр. Оны медициналық көмекті бақылау комитеті де тексеріп, көптеген заң бұзушылықты анықтады", - дейді Ажар Ғиният.
Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялаған болатын. Хиджаманы медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған.
Дереккөз: Sputnik.kz
Оқи отырыңыздар: Атырауда нәрестенің бетіне хиджама жасағандарға айыппұл салынды