Құмар ойыннан құрдымға кеткендер саны артты

Ашық дерек көзінен
Ашық дерек көзінен
Тәуелділіктің алдын алу үшін ұлттық жоба жасалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 36 мыңға жуық адам  құмар ойындарына тәуелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-тегеуріндерге дайындығы және ойынға тәуелділікке қарсы іс-қимылдың одан арғы шараларын айқындау талқыланды. Кеңеске халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының, өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының, жеке оңалту орталықтарының өкілдері қатысты.

- Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеуге сәйкес, әлем бойынша құмар ойынға тәуелді ересектер саны шамамен 3% құрайды. Сонымен қатар 12,5-ы үнемі ойнайды. Лудоманияның клиникалық өлшемшарты бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді екенін мойындайды. Ал Қазақстан бойынша жүргізілген зерттеулер мен  математикалық моделдеу кезінде құмар ойындарға тәуелді екенін мойындаған адамдар саны 36 мың болды, – делінген хабарламада.

Министр тәуелділіктің алдын алу ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындауды тапсырды, оның шеңберінде бірқатар іс-шара іске асырылмақ. Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізіледі.

Ведомство басшысының айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарты бойынша, медициналық көмек көрсету сапасын жеке наркологиялық орталықтар да қолдануы тиіс.

Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында 118 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді

Новости партнеров