|
02.03.2023 | 11:08
1970

Медеу ауданында 2 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

Бұл 15 мыңнан астам тұрғынды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді

Медеу ауданында 2 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды almaty.tv

Қала әкімі Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, басты бағдар осы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2023 жылдың қаңтар айында, сіздерге уәде еткенімдей, Кеңсай шағынауданында ауысымына 200 адам қабылдайтын 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория және

Көлсай мен Сұлусай шағынаудандарында 2 фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды. Бұл 15 мыңнан астам тұрғынды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – дейді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, Алатау шағынауданының шалғай орналасуына және осы ауруханаға тіркелген халық санына (10 мыңнан астам) байланысты 2022 жылдың желтоқсан айында әкімдік Алатау қалалық ауруханасына жаңа компьютерлік томографы бар медициналық модуль орнатып берген. Бұл шағынауданның тұрғындарына диагностикалық зерттеулердің ауқымды түрін сапалы әрі жақын жерден алуға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир