УДЗ-ға дайындық кезеңінің негізгі ережелері туралы N11 қалалық емхананың функционалдық диагностика дәрігері Роза Құдайбергенова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, ультрадыбыстық зерттеуден 5-6 сағат бұрын тамақтануды тоқтату керек, осыған байланысты бұл процедураны таңертең тағайындаған жөн.
«Зерттеу 16.00-ден кейін жүргізілетін жағдайда, таңғы ас ішуге болады, бірақ таңғы 8.00-ден кешіктірмей. Таңғы ас мүмкіндігінше жеңіл болуы керек. Ол күні темекі шегетін адамдарға темекі шегуден бас тартқаны жөн. Тұрақты іш қатудан зардап шегетін адамдар ішектерін босату үшін процедурадан бір күн бұрын клизма жасатуы керек. Бүйрек пен қуықтың ультрадыбыстық зерттеуінен өтуді қажет ететіндер үшін процедурадан бір сағат бұрын 1,5 литр су ішіп, егер трансабдоминальды жамбас тексеруі болса 0,5 литр су ішуі керек», – деді дәрігер Роза Құдайбергенова.
Сондай-ақ спикер ультрадыбыстық зерттеуге дейін рұқсат етілген өнімдерді атап өтті.
Олар: құс пен балықтың майсыз сорттары, сиыр еті, жарма, пісірілген алма, бір пісірілген тауық немесе төрт бөдене жұмыртқасы, қатты табиғи ірімшіктің майсыз сорттары.
Қандай тағамдарды жеуге болмайды:
«Сонымен қатар перистальтиканы күшейтетін сағызды және ауыз қуысын сергітетін спрейлерді қолдануға тыйым салынады», – деді дәрігер.