Баланы көз ауруынан қалай қорғауға болады

07.04.2023 16:15

Ауру анықталған жағдайда, емдеу тактикасын тек офтальмолог тағайындай алады

glaucoma.ru

№16 Қалалық емхананың офтальмолог-дәрігері балаларда жиі кездесетін көз аурулары туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы уақытта ата-аналар балалардың көру қабілетінің нашарлауына шағымдануда. Көбіне балаларға «Миопия» диагнозы қойылады, басқаша айтқанда балалар алыстан көрмейді.

Дәрежесі бойынша:

әлсіз миопия-3 диоптриядан аспайды;

орташа миопия-6 диоптриядан аспайды;

жоғары миопия - 6 диоптрия немесе одан да көп.

Клиникалық ағымы бойынша прогрессивті емес және прогрессивті миопия деп ажыратылады және туа біткен де, жүре пайда болуы мүмкін.

«Көздің алыстан көрмеуі гаджеттердің көп мөлшеріне байланысты дамуы мүмкін, әсіресе балалар қазір көбіне қашықтан білім алуда. Мультфильмдерді ұялы телефон арқылы көруді жөн көреді, бұл да қауіп дәрежесіне кіреді» – дейді ол.

Оның айтуынша, мультфильмдерді теледидардан көрген дұрыс, өйткені олардың арасында белгілі бір қашықтық бар, кем дегенде 3 метр болуы керек.

«Бүгінгі таңда миопияны түзетудің көптеген әдісі бар. Көзілдірік, контактілі линзалар, ортокератология-түнде тағатын линзалар, оперативті  араласулар ( көруді лазерлік түзету, факилік линзаларды импланттау, хрусталикті ауыстыру, склеропластика», – деді маман.

Дәрігер офтальмологта тексерілуге кеңес береді, өйткені балалар көбіне шағымдана бермейді. Барлық профилактикалық тексеруден өту керек. Ауру анықталған жағдайда, емдеу тактикасын тек офтальмолог тағайындай алады.

Соңында, маман балаларға күнделікті көзге арналған гимнастика жасауды ұсынады, компьютермен сабақ оқығаннан кейін таза ауаға шығу керек, яғни күн сайын баланың физикалық белсенділігі арттыру, сондай-ақ компьютердің алдында отыруды шектеу қажет.

Оқи отырыңыз: Шетелде жасалатын ота: Үш жасар балаға ем алу үшін қомақты қаражат қажет