Жеті науқасқа қайтыс болған адамдардың ағзасы салынды

Пресс-служба Северо-Казахстанкой областной больницы
Пресс-служба Северо-Казахстанкой областной больницы
Марқұмдардың отбасы басқа науқастарды құтқару үшін туыстарының органдарын алуға рұқсат берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда алты айдың ішінде 104 орган трансплантациясы жасалды. Ағзалардың басым көпшілігі тірі донорлардан, тек 7-еуі өлген адамдардан алынған. Осылайша, өлген екі адамның ағзасы хал үстінде жатқан жеті адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы 171 трансплантация жасалды, төрт өлі донордың 10 мүшесі пайдаланылды. Қазақстанда трансплантология дамып келеді, алайда мәйіт донорлығына қатысты жағдай әлі де көңіл көншітпейді.

Қазақстанда дәрігерлер кеңесі адамды құтқару мүмкін емес деген шешім қабылдаған жағдайда, тұрғындар egov.kz порталында өз органын алуға келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алады.

18 000 адам бұл мәселе бойынша шешім қабылдады: 17 мыңы қарсы болды, мың адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісті.


Новости партнеров