Ақтөбе облысында бір отбасының екі баласы суға батып кетті
ашық дереккөз
Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында үш адам суға кетті. Оның екеуі бір үйдің баласы, деп хабарлайды Almaty.tv облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Заречный-1 тұрғын ауданының көпірі маңында бір адам суға кеткен.
Мәлім болғандай, 18 жастағы жігіт шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды.
Сонымен қатар кешкі сағат 19:30-да сол маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға батып кетті.
"Олардың денесі 3 метр тереңдіктен табылды. Екеуі бір отбасының баласы", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті суға түсудің ережесін сақтауды ескертеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00