Алматыға демалыстан оралған 5 азаматтан Денге безгегі анықталды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Олар вирусты Таиландта жұқтырған көрінеді. Аталған дерттен қорғану жолдары қандай? Денге безгегі қай елдерде көп таралған?
«Бүгінгі таңда Алматы қаласының тұрғындары әсіресе Таиланд еліне, Оңтүстік Азия елдеріне туристік сапармен қыдырып барып жатыр. Бұл елдерде және Үндістанда қазір малярия және Денге безгегі сияқты жұқпалы аурулар өршіп тұр. Денге қызбасы бүгінгі таңда Алматы қаласының 5 азаматы осы ауруға шалдығып отыр. Олардың төртеуі зертханалық тәсілдермен нақтыланған. 3-уі емделіп болды, қалған екеуі әлі емделуде. Жалпы, Денге жұқпалы және аса қауіпті ауру. Ол аурудың алдын-алу тәсілдері жұғу жолдарына байланысты. Денге қызбасы одан кейін жаңағы малярия бұл масалар арқылы, маймылдардан, жарқанаттардан, масалар арқылы таратылады. Сондықтан масалардан қорғанудың алдын алу шараларын жүргізіп отыру қажет. Яғни, дәріханаларда сатылатын, масаларды үркітетін түрлі майларды пайдаланған жөн. Сондай-ақ, москитті тор, масаханалар құрып отыру. Осындай қарапайым сақтану ережелері мұндай жұқпалы аурулардың алдын алуға сеп болады. Тұрғындарға ондай елдерге қыдырып барғанда алдын алу шараларын қолдануды ұмытпаңыздар дегім келеді», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Саят ҚАУМЕТБАЕВ.