|
29.04.2023 | 17:00
13387

Ерте піскен көкөніс пен жемістерді қалай таңдауға болады - дәрігер кеңесі

Дұрыс тамақтану - салауатты өмірдің кепілі

Ерте піскен көкөніс пен жемістерді қалай таңдауға болады - дәрігер кеңесі vsegda-pomnim.com

Көктемнің соңы мен жаз айлары – көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының пісетін уақыты. Базарларда көкөністер мен жемістердің түрі көп. Ерте піскен көкөністер мен жемістерді дұрыс таңдалмаса, улануы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл организмнің «жеделдетілген режимде» өсірілген көкөністерде белгілі бір мөлшерде кездесетін пестицидтер мен нитраттармен қанығуына байланысты болуы мүмкін. Өндірушілер тыңайтқыштардың артық мөлшерде пайдаланады, нәтижесінде көкөністер мен жемістер тартымды көрінеді, бірақ әрқашан дәмді әрі пайдалы бола бермейді. Нитраттар, азот қышқылының тұздары адам ағзасында, кейде тоңазытқыштың ішінде нитриттерге, азот қышқылының тұзына айналады, ал осы соңғылары өте зиян.

Мәселе нитраттардың болуында емес, олардың мөлшері мен концентрациясында. Аз мөлшерде нитраттарды және одан да аз нитриттерді ағзамыз қысқа уақыт ішінде шығара алады, бірақ ағза олармен қанығатын болса, бұл уланудың ауыр түріне әкеп соғады.

Көбінесе нитраттардың көп мөлшері қызылша, кәді, қырыққабат, шөптер, шалғам, қарбыз және қауында кездеседі. Әсіресе ерте піскен көкөністер мен жемістерді тұтынғанда абай болу керек.  

Қарбыз бен қауын сөрелерде маусым айында пайда болады, осы жағдайдың өзі қауіпті, себебі нитраттармен улану ықтималдығы өте жоғары! Ең «жылдам» сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай пісе бастайды. Тамыздың соңынан бастап қазанға дейін – жақсы піскен қарбыз бен қауынды тұтынудың ең қолайлы уақыты.  

Уланудың алғашқы белгілері: тез шаршау, бастың қатты ауыруы, жүрек айну, құсу және диарея, кейбір жағдайларда температура, құрысулар және буындардың ауыруы мүмкін. Уақтылы емдеу үшін дәрігермен кеңесу керек.  

Бірнеше қарапайым кеңестер нитраттардың мөлшерін азайтуға және қауіпсіз тағам әзірлеуге көмектеседі:

  • көкөністер мен жемістерді бей-берекет жерден сатып алмаңыз;
  • ерте піскен көкөністерді сатып алудан аулақ болыңыз;
  • сатып алынатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етіңіз;
  • нитраттардың тұтынылатын дозасын азайту үшін көкөністер мен жемістерді қабығынан, тамырынан (көкөністерде), сабақтарынан (ақжелкен, аскөк, балдыркөк, қырыққабат) тазартыңыз.

Тамыр жемістерін және жапырақтарды бір-екі сағат суға салып қою керек. Нитраттардың мөлшерін азайту тұрғысынан жемістерді дайындаудың ең тиімді әдісі – пісіру.

Ерте піскен жемістерге, жидектерге, көкөністерге сақтықпен қарауға шақырамыз. "Дұрыс тамақтану - салауатты өмірдің кепілі" екенін ұмытпаған жөн.

Дереккөз: Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир