Алматылық жасөспірімнің аяғына темір кіріп кетті

inform.kz
inform.kz
10 жастағы бала дін аман
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық жасөсіпірімнің аяғына темір істік кіріп, жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала қоршаудан асып түспек болғанда аяғы 20 сантиметрлік істікке ілініп құлаған.

Ведомстводағылар 10 жастағы баланың Алматы қалалық орталық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілгенін айтты.

- Жедел жәрдем бөлімінде науқасты хирург, травматолог және анестезиолог шұғыл тексерді. Хирургтар баланың аяғындағы бөгде затты алып тастап қана қоймай, сонымен қатар  маңызды тамырларды зақымданудан қорғап қалды.  Әрі өте мұқият әрекет етті. Миллиметрлік дәлдікпен абайлап, жасөспірімнің аяғындағы темірді алды. Біз тапсырма орындалды деп есептейміз. Операциядан кейінгі бірінші күні науқас өзін жақсы сезінді. Жағдайы қанағаттанарлық, - деді Алматы қаласы Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрі WhatsApp-нөмірін жариялады

Новости партнеров