Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы екпе салынады

12.03.2019 16:47

Елімізде апта сайын қызылшаның 400 жағдайы тіркеледі

Bnews.kz

1 сәуірде елімізде қызылшаға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазіргі уақытта қызылшаға қатысты жағдай сол деңгейде. Апта сайын 400 жағдай тіркеліп отырады. 1 сәуірде вакцинациялау басталады. Оған дейін 20 наурызға қарай қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы үш валентті вакцина жүзеге асырылады. Вакцинациялау бірінші кезекте балаларға жүргізіледі. Мұндай әдісті осыған дейін де қолданғанбыз», - деді Бекшин үкімет отырысынан кейін.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, науқастармен жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлерге де вакцинациялау жүргізіледі. Сондай-ақ, Бекшин елімізде былтыр қараша айынан бастап осы дерт бойынша шамамен 4 000 дерек тіркелгенін айтып өтті.