|
14.02.2019 | 11:55
8849

Қазақстандық дәріханаларда адам жүрегін тоқтататын дәрі еркін сатылып жатыр

Эреспал - демікпе, ринофарингит, ларингит және қызылша секілді бірнеше ауруды емдеуге арналған

Қазақстандық дәріханаларда адам жүрегін тоқтататын дәрі еркін сатылып жатыр ©Владимир Дмитриев

Еуропада сатылымнан шыққан дәрі Қазақстанда еркін саудаланып жатыр. Мамандар демікпеге қарсы «Эреспал» препаратын денсаулыққа аса қауіпті деп таныған. Құрамында фенспирид бар дәріні Францияда сату тоқтатылған. Бұл туралы «Сервье» фармакологиялық компаниясының Ресейдегі өкілдігі ресми сайтында жариялады, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Алайда, адам өміріне аса қауіпті препарат қазір Қазақстанда еркін саудаланып жатыр екен. Эреспал - демікпе, ринофарингит, ларингит және қызылша секілді бірнеше ауруды емдеуге арналған. Бірақ мамандар препарат жүректің тоқтауына әкелетінін анықтады. Сондықтан, оны ұқсас дәрімен алмастыруды ұсынады.

Ал дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы «Эреспалдың» қауіпін біледі. Бірақ қандай да бір шешім шығуруға қауқарсыз

«Дәріні шығарушы компанияның өзі ерікті түрде бұл препараттың адам өміріне қауіпті екенін растап, бізге хабарлап отыр. Кез келген дәрінің өз мерзімі болады. Біз қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ біздің қандай да бір шешім шығаруға құзыретіміз жоқ», - дейді ҚР ДСМ Фармакологиялық қадағалау және мониторинг орталығы басшысының орынбасары Мәлік Әбдірахманов.






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир