Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ана мен бала өлімі туралы қозғап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Үкіметтің басты міндетінің бірі – ана мен баланың денсаулығын сақтау.
Өкінішке қарай, сәбилердің өлімі көбейді. Ана өлімі де өсуде. Мен перинаталдық қызметтің жай-күйін тексеруге тапсырма бердім. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдануы керек еді. Бірақ барлық жұмыс аудит деңгейінде тоқтап қалды.
Қазіргі перзентханалардың көбі халықаралық стандарттарға сай емес. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдап, осы мәселені шешу қажет. Жалпы, денсаулық сақтау саласы туралы айтар болсақ, мұнда түйткілді мәселелер көп», - деді Мемлекет басшысы.
Президент сөзін жалғай отырып, Қазақстанда созылмалы ауру салдарынан қайтыс болу көрсеткіші өте жоғары екенін, әсіресе Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдермен салыстырғанда біздегі ахуал өте нашар екенін айтып өтті.