|
20.06.2019 | 12:02
1451

Еліміздің денсаулық сақтау саласына 362,5 млрд теңге жетіспейді

Яғни, кепілдендірілген тегін медициналық көмекке деген сұранысты қанағаттандыру үшін осынша қаржы қажет

Еліміздің денсаулық сақтау саласына 362,5 млрд теңге жетіспейді

Бұл туралы Алматыда медицина саласындағы реформаларды талқылауға арналған жиында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«2017 жылы елімізде медициналық көмекке жан басына шаққанда 91 мың теңге немесе 280 АҚШ доллары жұмсалған. Әлбетте, 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіштен 35 мың теңгеге көп. Алайда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 3000 доллардан асып-жығылады», - деді Қор төрағасы.

Айтуынша, қаржы тапшылығына – технология бағасының қымбаттауы, адамдардың өмір жасының ұзаруы және медициналық қызметтерді тұтыну көлемінің, медқызметті жиі пайдаланатын – балалар мен қарт кісілер санының артуы, сондай-ақ, жұқпалы емес созылмалы аурулардың көбеюі себеп.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында 2020 жылы медициналық көмекке жұмсалатын қаржы 1 трлн 620 млрд теңге деп белгіленген. Бұл биылғы шығындардан 67 процент көп. Аталған қаржының 967,7 млрд. теңгесі тегін медициналық көмекке, 652,8 млрд теңгесі – сақтандыру пакеті бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалады.

«Бірақ бұл міндетті медициналық сақтандыру енгізілгннен кейін саладағы қаржы тапшылығы мәселесі бірден шешімін табады деген сөз емес. Шын мәнінде, сақтандыру халықтың қалтасынан шығатын шығындарды қысқартуға емес, оның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік береді. Олай дейтін себебіміз, халық саны алдағы уақытта да артады, соның ішінде медициналық қызметтерді көп пайдаланатын балалар үлесі на 2,4%, қарттар үлесі 4% көбейеді. Оған үнемі қымбаттап отыратын технологиялардың бағасын қосыңыз. Сонымен қатар, медицина тоқтаусыз дамығандықтан алдағы уақытта медициналық сақтандыру/кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеттеріне енбеген қызмет түрлері пайда болады. Осының бәрі жұртшылықтың денсаулық сақтауға жұмсайтын жеке шығындарының өсуіне ықпал етері сөзсіз», - деді А.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, президенттің денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны ІЖӨ-нің 5 процентіне жеткізу туралы тапсырмасы  тапшылықты едәуір азайтуға септігін тигізері анық, деп қорытты МСҚ басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир