Нұр-Сұлтан маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады
Tengrinews.kz.
Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Бұл мәліметті ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«20 маусымда шамамен сағат 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістікте химиялық өңдеу жүргізу кезінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады», – деді Нұрахметов.
Апат салдарынан ұшқыш қаза тауып, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.
Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған дерек бойынша тергеу жүргізіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52