Алматылық дәрігерлер 36 жастағы науқастың аяғын кесуден сақтап қалды

Пресс- служба ЦГКБ
Пресс- служба ЦГКБ
Жігітке жоғары технологиялық тұрғыда операция жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда дәрігерлер 36 жастағы жігіттің аяғына ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

ОҚКА баспасөз-қызметімің мәліметінше, жігітке жоғары технологиялық тұрғыда операция жасалды. Ол орталық қалалық клиникалық ауруханаға аяғының артқы жағындағы айқышты байламының үзілуі диагнозымен келген.

«Пациентке артроскопия, басқа сөзбен, «еш жерді тілмей» жасалған операция». Тілгеннің орнына жергілікті жерді шағын ғана тесіп, оның біріне бейнекамера тағылған артроскоп, ал, екіншісіне операцияға жасауға қажетті құрал-саймандар енгізіледі. Артқы жағының айқышты байламының зақымдануы сирек кездесетін жай деп айтса да болады. Көбінесе мұндай кезде уақытында операция жасалмаса, алдыңғы жағының айқышты, сыртқы және ішкі бүйір байламы, буын және де тіпті тізеасты жағының тамырлары мен жүйке тамырларының қапшығы зақымданады. Біздің емханада мұндай операцияны екінші рет жасаудамыз. Операция 2,5 сағатқа созылып өте жақсы өтті», – деді ортопедия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Тәуекелов.

Дәрігердің айтуы бойынша жас жігіт екінші күні балдақпен жүріп, ал, бесінші күні пациент 10 күнге созылған оңалтудан өтті. 

«Биыл біздің ауруханада операциядан кейін денсаулықты жақсарту үшін оңалту бөлімшесі ашылды. Жалпы, мұндай операциядан соңғы қалпына келтіру үдерісі толығымен сауыққанша орташа есеппен алғанда 1,5 айға дейін созылады», – деді ОҚКА баспасөз-қызметі.

Новости партнеров