Алматыда мейіргерлік білім беруге бағытталған халықаралық конференция өтіп жатыр

14.05.2021 17:16

Мейірбике ісі мамандарын практикалық оқытуды ұйымдастыру мәселелері қаралады

14 мамырда Алматы қаласында халықаралық қонақтардың қатысуымен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық Басқармасының ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК-ның 40 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Конференцияның тақырыбы: «Мейіргерлік білім беру мен практиканы дамытудың заманауи мәселелері мен перспективалық бағыттары».

Конференцияның мақсаты: Оқытушылардың, денсаулық сақтау қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби алаңын құру. Инновациялық білім беру технологияларын ашу, кәсіби құзыретті маманның сапасын арттыруға бағытталған практикалық сабақтың рөлін күшейту.

Конференцияның  міндеттері:

• Мейіргерлік білім беруді нығайту және мейіргер іс жүйесін дамыту үшін ғылыми негіз құру;

• Озық тәжірибені зерттеу және анықтау;

• Үй жағдайында медициналық қызмет қызмет көрсету кезінде мейіргер ісін  ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін қарастыру;

• Тиісті оқу пәндерін меңгерудің тиімділігін арттыратын оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерінің тәжірибесін жинақтау және тарату.

Конференция барысында іс-шараның салтанатты ашылуы, екі секциялық пленарлық отырыс өтеді, онда Беларусь, Қырғызстан және т.б. отандық және шетелдік спикерлердің Мейірбике ісі мамандарын даярлау мәселелері мен перспективалары туралы, білім беру мен денсаулық сақтауда инновациялық технологияларды қолдану туралы баяндамалары ұсынылады, әлемдік тәжірибе мен әріптестік, мейірбике ісі мамандарын практикалық оқытуды ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Өтетін уақыты: 14.05.2021ж сағат 10:00-де.

Ғылыми конференцияның өткізілу тілі: қазақ, орыс тілдері.

Ғылыми конференцияның өтілу форматы: оnline, синхронды.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Алматы қ, ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК.

Ғылыми конференцияның өтілу орны:

Л.Чайкина көшесі 12а,

Алматы қ, 050020, Қазақстан