|
14.01.2020 | 12:36
1605

Қазақстан түпнұсқалық емес вакциналар сатып алуда

1 қаңтардан бастап, медициналық қызметтер мен амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ауқымы кеңейді

Қазақстан түпнұсқалық емес вакциналар сатып алуда

Ал, былтыр иммунобиологиялық препараттар сатып алу барысында 26 миллиард теңге үнемделген.  Бұл қаражат науқастарды емдеуге бағытталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді. Айтуынша, бұл халықаралық тәжірибе. Сондықтан дәрілік заттың саудалық атауын қомақты қаржыға сатып алудың еш қажеті жоқ.

«Дәрі-дәрмектердің түп-негізін өндіретін әлемде екі-ақ мемлекет бар. Олар – Қытай халықтық республикасы мен Үндістан. Барлық қалған алпауыт өндірушілер осы негіздерді сатып алып, олардан дәрі жасайды. Сондықтан препараттардың айырмашылығы жоқ. Екіншіден, кез келген дәрі патенттен өткеннен кейін түпнұсқалық препаратқа сәйкестілік, биоэквиваленттілік бойынша тексерістен өтеді. Егер дұрыс болмаса, дәрі тіркелмейді», – деді «Ск-Фармация» ЖШС басқармасының төрағасы міндетін атқарушы Берік ШӘРІП.

Бұдан бөлек, брифингте биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап, медициналық қызметтер мен амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ауқымы кеңейді. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне байланысты болып отыр. Анықталғаны денсаулық сақтау министрімен кепілдендірілген медициналық препараттар мен сақтандырудың аясында тегін берілетін препараттардың тізіміне қатысты бұйрығы бекітілді.

«Егер бұрындары науқастарға дәрі-дәрмектің 450 аталымы қолжетімді болса, қазір тізім 715-ке дейін кеңейіп отыр. Бұл – әсіресе орфандық аурулар, яғни буллезді эпидермолиз сияқты айықпас ауыр дерттерге шалдыққандарға берілетін препараттар», – деді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила БҰЙРАБЕКОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир