Алматыда ХҚКО-ға келушілерге туберкулезге қарсы науқан өткізілді

Фото: УОЗ
Фото: УОЗ
Оның нәтижесі бойынша 500 адам қаралды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

15 наурызда Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күні аясында Алматы қаласы Алатау ауданындағы қала тұрғындары жаппай баратын орынның бірі – Мамандандырылған көлік иелеріне арналған ХҚК орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған «Мен денсаулықты таңдаймын! Біз турберкулезді жеңе аламыз!» кең  ауқымды науқаны өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара барысында №29 қалалық емхана мен фтизиопульмонология орталығының мамандары қала тұрғындарының назарын туберкулездің алдын алу мен ескертуге баса аударды.

Жұмыс істейтін қала тұрғындарының көпшілігі орта жастағы тұрғындар, олар медициналық қызметкерлердің шақыртуына қарамастан, уақтылы алдын ала қараулардан және скринингтерден өте бермейді.

Науқан уақытында халықты барынша қамту өзінің нәтижесін бергенімен қуантады.

Осылайша, науқан нәтижесі бойынша 500 адам қаралды.

Жүзге тарта алматылық арнайы ұйымдастырылған қозғалмалы кешенде флюрографиядан өтсе, шамамен 300 адам фтизиатр-пульмонолог, терапевт дәрігерлерінің кеңесін алды.

400-ден аса алматылық қан құрамындағы қант, холестеринді анықтау, көз қысымын өлшеу, спирография, экспресс-скринингтен өтті.

«Тексеруден өткен әрбір қатысушы экспресс-скринингтің нәтижесін алды. Ал флюрографиялық зерттеудің нәтижесіне келетін болсақ, ол пациенттерге рентгенолог-дәрігер қайталап қарағаннан кейін жеткізілетін болады», – дейді №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.

Іс-шара барысында халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тұрғындарды мазалаған сұраққа жауап беріліп, туберкулездің алдын алу мен емдеу бойынша бейнебаяндар көрсетілді.

Сондай-ақ, №29 қалалық емханада тіркелген тұрғындар үшін фтизиопульмонология орталығы және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды.

Елімізде, ДДСҰ соңғы ұсыныстарына сәйкес, турберкулезді анықтау мен диагностикалау үшін тексерудің барлық диагностикалық әдістемелері енгізілгенін еске саламыз.

ПТР диагностикасы жолға қойылған, ол гендік деңгейде екі сағат ішінде турберкулездің бар екенін анықтауға және бірінші күннен бастап ем тағайындауға мүмкіндік береді.

«Үлкен жастағы халық тобы скринингтен - ересектер флюрография, ал балалар мен жас жеткіншектер туберкулездік диагностикадан өтеді. Тиімді емдеу курсын жүргізу үшін пациенттер туберкулезге қарсы препараттардың қажетті жиынтығымен толық қамтамасыз етілген. Әрқайсымыз турберкулезді кез келген жерден жұқтыруымыз мүмкін екенін түсінуіміз қажет. Бұл аурудан ешкім сақтандырылмаған. Ауру неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым ауруды емдеу әрі отбасы және жалпы қаланың эпидемиологиялық жағдайы жеңіл болады», – деп қорытындылайды Ақмира Садықова.

Мұндай іс-шаралар өкпе ауруын уақтылы анықтау мен емдеуге назар аудартуға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Сонымен қатар, медициналық қызметкер мен пациентке «Біз туберкулезді жеңе аламыз» деп бірге жеңіске жетуге көмектеседі.

Новости партнеров