Жатыр ісігінің алдын алуға болады

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы
Алматылық гинекологтар қолайлы әдістің тиімділігін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық қалалық клиникалық аурухана мамандары қатерлік істің алдын алып, науқасты емдеуге болатынын дәлелдеп берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Ауруханаға 30 жастағы әйел жеткізілген. Оның жатырында көлемі 8 см болатын қатерсіз ісік анықталған. 

Сонымен қатар науқастан түрлі патологиялық аурулар табылған. Мамандар жатыр артериясының эмболизациясын жасау туралы шешім қабылдады.

ОҚКА гинекология бөлімінің меңгерушісі Алмат Коңырқұлжиновтың айтуынша, бұл шағын инвазивті араласу үрдісі. Яғни, жамбас артериясын тесу арқылы жатыр миомасын қоректендіруші тамырларға эмболалар енгізіледі. Олар қан ағымын толығымен тоқтатады. Сау миометрияның тамырларына эмболизация іс жүзінде ешқандай әсер етпейтінін атап өту маңызды. Осылайша миоманы қоректендіріп тұрған бұлшықет жасушалары өледі. Бірнеше аптаның ішінде орнына дәнекер тін пайда болады. 

- Ісік мөлшеріне қарамастан, біз науқастың жасын ескере отырып, әйелдің ұрпақты болу мүшелерін сақтау үшін алып тастаудың орнына жатырдың эмболизациясын жасау туралы шешім қабылдадық. Кем дегенде 20 минутқа созылған ота тек бір пункцияны қолдана отырып, интервенциялық әдіспен жасалды және сәтті өтті. Науқас төрт күн бойы біздің бақылауымызда болды және бүгін қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды. Ісікті одан әрі бақылау үшін 3-6 айдан кейін ультрадыбыстық зерттеу тағайындалды, - дейді Алмат Коңырқұлжинов.

Жатыр артерияларының эмболизациясы қатерсіз ісікті емдеудің тиімді әдісі болып табылады және жатырды аман алып қалуға көмектеседі. Мұндай  жағдайдың басым көпшілігінде (98,5%) эмболизациядан кейін жатыр миомасына қосымша емдеу қажет емес.

Оқи отырыңыз:  Шымкентте құтыру ауруына байланысты бірқатар көшеге шектеу енгізіледі

Новости партнеров